Ш.Уәлиханов орта мектебінде 4-сыныптарға “Ыстық тамаққа көзқарас” сауалнамасы өткізілді. Бұл сауалнама мектептегі ыстық тамақ қызметіне қатысты оқушылардың көзқарасын білу мақсатында жүргізілді. Сауалнама оқушылардың ыстық тамаққа қатысты пікірлерін, оның сапасын, бағасын, түрлерін бағалауға бағытталған. Оны мектебіміздің ыстық тамақ қызметін жақсартуға пайдалану үшін маңызды ақпарат жинауға мүмкіндік береді. “Асхана тамағы ұнай ма?”, “Асханаға көңілің толады ма?”, “Асхана тәртібі ұнайды ма?” - деген сұрақтарға 97% оқушы “иә” деп жауап берді. Сауалнама қорытындысы оң нәтиже көрсетті.