Акцияға қалалық билік бастамашы болып отыр және ол облыс орталығын көгалдандыруға бағытталған, - деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Атырау қаласының әкімі Әлімұхаммед Құттұмұратұлының тапсырмасымен, кезекті жалпықалалық сенбілік қарсаңында тұрғындарға көшеттерді тегін беру ұйымдастырылады. Аталмыш акцияоблыс орталығын көгалдандыруға бағытталған және дәстүрге айналмақ.
- Қаланы көгалдандыру - жергілікті билік органдарының ғана емес, Атырау тұрғындарының да басым міндеттерінің бірі. Жыл сайын ағаштар бір жерге отырғызылады, уақытында суарылмайды және дұрыс күтім жасалмайды дегенқала тұрғындарының шағымдары әлеуметтік желілерде жиі кездеседі. Бұл жолы біз тұрғындарға өздері бастама көрсетіп, көшеттерді өздері қалаған жерге отырғызуды ұсындық, - деді қалалық үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысының м.а. Ұзақ Тұсаев.
Ұзақ Тұсаевың айтуынша, көшеттерді тарату барысында тұрғындарға ағаш отырғызу ұсынылатын жерлер ескертіледі. Бұл, негізінен, қаланың әлеуметтік мекемелері - балабақшалар, мектептер, емханалар және ауруханалар.
Көшеттерді тарату акциясы 18 және 19 сәуірде «Арнаулыавтобаза» ЖШС аумағында, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін өткізілетінін атап өтеміз. Ағаштарды отырғызу - сенбі, 20 сәуірге жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 16 наурызында Атырауда екі айлық санитарлық-тазалық науқаны басталды. Егер бұған дейінгі жалпы қалалық сенбілікте р«Таза жағалау» акциясы аясында өткізілсе, келесі сенбіліктер облыс орталығын көгалдандыруға арналатын болады.