oC

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі бойынша “Мектепке жол “ Республикалық қайырымдылық акциясы басталды. ”Мектепке жол” Республикалық қайырымдылық акциясы 2024 жылдың 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтеді. ”Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің”- деген екен дана халық. Қайырымдылық- халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. “Жанашырлыққа - жан риза!” дегендей қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып,аялы алақанын тосып,жүрек жылуын ұсыну,сауабы мол іске адамның азаматтық парызы. Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім оқушыларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылының дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың келмеуінің алдын алу. Науқанға кез келген адам қатыса алады: еріктілер, бизнесмендер, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар және т.б. АКЦИЯҒА ҚАТЫСЫП МҮМКІНДІГІ ҢІЗГЕ ҚАРАЙ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ ТӨМЕН ОТБАСЫ БАЛАЛАРЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУІҢІЗДІ СҰРАЙМЫЗ. Әлеуметтік педагог: +77784051390 Аққу Бақтыбайқызы #уәлихановмектебі #мектепкежолакциясы #тамыз #қыркүйек