oC

Әлем елдерінің ішінде ойып тұрып орын алып, замана көшінен қалмауда білім беру саласының орны айрықша.

Елдің болашағы шәкірттердің саналы білім мен сапалы тәрбие алуында екенін жақсы білеміз. Осы орайда, Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебінде «Жас маман - aжарқын елдің шамшырағы» атты XI мектепішілік форумы болып өтті.

Форум барысы жас мұғалімдердің мектеп өміріндегі өзекті мәселелерін талдауға, әдістемелік шеберліктерін арттыруға арналған іс – шараға мектебіміздің тренерлері, жас ұстаздарымыздың тәлімгерлері қатысып жас мамандарға жаңа заман талабына қарай қалай талпынуымыз қажет, қалай жұмыстануымыз керектігі жөнінде айтып өтті.

Аталған форум екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде жас ұстаздарымыз ашық сабақтарын берсе, екінші бөлімде тәжірибелі ұстаздармен бірлесе отырып әрбір жас ұстазға кері байланыс берілді. Одан әрі жас мамандар "Менің мектептегі бір күнім" атты өздері жасақтаған бейнероликтерін көрсетті. Бұл форумда бізге белгілі әдіс-тәсілдердің «Мозаика», «Рафт», «Үнсіз кино», «Венн диаграммасы» қыр-сырын, мақсатын нақты айқындап берді. Көптеген креативті ойлауға итермелейтін тапсырмалар орындалды.

Форум жоғары деңгейде өтті. Осы секілді іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.