«Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Дәл бұл сөздер тек ұстаздарға арналған теңеулер. Мақтау мен мадақтауға, сый-құрмет пен шексіз алғысқа лайық жандардың төл мерекесі аталып өтті. Атырау облысы Индер ауданы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінде мұғалімдер күніне орай мектеп әкімшілігі директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Жангельдина А.Ж мен Сайлаукенова Д. К және мектеп кәсіподағы, мектебіміздің жас мамандары мерекелік концерт ұйымдастырды. Ең қадірлі, ең мерейлі мамандық иелері төрден орын алды. Бұл күні шырқалған әсем ән, жыр-толғау, би шашу, сазды композиция мен сый-құрмет, гүл шоқтары тек ғана оқушылардың бойына ізгі қасиеттерді сіңдіріп, тәрбие тағылымын дарытып келе жатқан ұстаздарға арналды. Жас мамандарымыз жүрек-жарды өлең жолдары арқылы елдің ертеңін тәрбиелеген аяулы жандарға өмірлік берер азығы үшін алғыстарын білдірді. Сондай-ақ айтулы шарада ұрпақ тәрбиелеуді аянбай сүбелі үлес қосқан ұстаздардың еңбегі еленіп,мектеп директоры Меңдігереева Айман Қалымқызы бастауыш кәсіподақ төрайымы Қорғанбаева Ж.М алғыс хаттар табыстады.
Кеш барысында "Жұлдызды жұп" сайысы ұйымдастырылып, мектебіміздің жас ұстаздары мен тәжірибелі ұстаздары бірлесіп ән шырқады. Аталған сайыста мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Бакишев Баубек Ерланұлы мен Сидегалиева Жанар Саматовна "Жұлдызды жұп" атанды.