oC

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп бойынша Атырау облысы Білім беру басқармасының 2021 жылғы 11 қарашадағы 06-01-06-02-4/1170 және Атырау облысы білім беру басқармасының Индер ауданы білім бөлімінің 2021 жылғы 12 қарашасының 05-04-01/1561 санды хатына сәйкес мектептегі тамақтануды ұйымдастыру бойынша 15-19 қараша аралығында бракераж комиссиясымен 22-26 қараша аралығында мектептің Қамқоршылық кеңес мүшелерімен тамақ сапасына зерделеу шаралары ұйымдастырылған болатын.

Зерделеу барысында,тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі, сертификаттары қаралып,тағам сапасының дәмділігі, тәуліктік екі мезгіл ас мәзірінің сынамасы алынып сақталатындығы анықталды. Тексеру уақытында бекітілген ас мәзірі бойынша күнделікті бір күндік ас мәзіріде сәйкес келеді. Сонымен қатар, тағамның құрамына керекті ингредиенттері бойынша және балалардың жас ерекшелігіне байланысты тамақтар дайындалатындығы анықталынды. Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп сайтының "Мектептегі тамақтану" айдарына 2021-2022 оқу жылындағы мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру сапасына жүргізілген қорытынды зерделеу жұмыстары туралы хабарлама орналастырылды.