Мектебімізде 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес “Сыйынар ем ана деген тәңірге” атта ерекше білімді қажет ететін оқушылардың аналарымен кездесу сағаты өтті.
Шара барысында мектебіміздің оқушылары мен мұғалімдері ән айтып, би билеп керемет көңіл күй сыйлады. Аналарға сұрақтар қойылып, оқушыларға және мерейлі жасқа шыққан ұстаздарға мектепішілік кәсіподақ атынан Жарқын Мақашқызы сыйлықтар таратты.