oC

Сарайшық - 7 хан билік еткен, орта ғасырларда Алтын Орданың ірі сауда және экономикалық орталығы болған ежелгі қала. 

Оқушылар алдымен Сарайшық мұражай кешеніне барып экспонаттармен, 7 ханға арнап орнатылған кесенемен танысты. Кейін, Сарайшық қаласының орналасқан жеріне барып, ежелгі қаланың бөлігімен, ежелгі үйлер,  моншаларды тамашалады.  Бұл саяхаттан балалар ерекше әсер алып, келіп көздерімен көркендеріне қатты қуанды. Туған жердің тарихын біліп, онымен кеңінен танысу келер ұрпақтың парызы.