⚜️ Ағымдағы жылдың 14 шілде күні Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебінің ұйымдастыруымен ата-аналарға арналған өрт қауіпсіздігі және суға шомылу кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тақырыбында ZOOM платформасы арқылы жиналыс өткізілді.
⚜️ Аталған жиналысқа арнайы маман ретінде Индер аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау капитаны Сакыпкереев Парасат Боранбайұлы қатынасты.
⚜️ Өз баяндамасында Парасат Боранбайұлы аудан су айдындарында, оның ішінде жағажайларда адамдардың қаза болуын болдырмау мақсатында күнделікті көпшілік демалатын орындарда, суда және суға шомылу кезінде қауіпсіздікті сақтау ережелерін түсіндіру бойынша алдын алу іс-шараларын өткізетіндігін айтып, дегенмен де ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау керектігі және де қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
⚜️ Сонымен қатар, ол өрттердің шығуына негізгі себептеріне тұрғындардың отпен абайсыздығы, пештерді, тұрмыстық газ құрылғыларын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу, балалардың отпен ойнауы, тұрмыстық электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу екендігін атап өтті.
⚜️ Жиналыс соңында Парасат Боранбайұлы жазатайым оқиғаларды қалай болдырмау және төтенше жағдайлар кезінде не істеу керектігі туралы өз ұсыныстарын берді.