oC

Ш.Уәлиханов атындағы  орта білім беретін мектебі білім алушыларына ыстық тамақты  ұйымдастыруды   жетілдіру жұмысы бойынша   оқу жылының I тоқсанында жүргізілген сауалнама қорытындысы

       

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы        24 сәуірдегі №158 бұйрығына 10-қосымша «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары мен «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленушіні және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598  бұйрығына өзгеріс енгізу туралы  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы   8 маусымдағы №235  бұйрығы және «Білім беру обьектілеріне қойылатын санитарлық-эпидимиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы  5 тамыздағы №ҚР ДСМ-76 бұйрығына сәйкес Ш.Уәлиханов атындағы орта білім беретін мектебінде білім алып отырған жекелеген санаттағы балаларды 2024-2025 оқу жылында мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен қамту мақсатында 2024 жылдың                 29 тамызында мектепішілік тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссия (әрі қарай- комиссия) құрамын, сондай-ақ басқада тиісті  мамандарды бекіту, ауыз су режимін ұйымдастыру және мектеп асханасында жекелеген тамақ өнімдерін сатуға тыйым салу туралы мектеп директорының бұйрықтары шығып, бекітілді.

Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына сәйкес бүгінгі күні 1-4 сыныптар аралығында білім алатын 545 білім алушы және  жекелеген санаттағы, яғни,  атаулы көмек тағайындалған 5-11 сыныптар аралығында оқитын 25 білім алушы, жалпы саны 570 білім алушы  жинақталған құжаттар негізінде Қамқоршылық кеңесі отырысының  шешімімен 2024-2025 оқу жылының І тоқсанында  мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен қамтылды.

         Аталған қызмет көрсету стандартының талаптарына сәйкес аталған балалардың  ата-аналарынан өтініштер алынып, балалардың құжаттары жинақталып, барлық мәлімет қыркүйек айында мектептің Ұлттық  білім беру деректер қоры  базасына енгізілді. Білім алушыларды мектеп асханасында тамақтандыру жұмысы алдағы мектеп әкімшілігі және қамқоршылық кеңес мүшелері тарапынан оқу жылы бойы қадағаланып отыр.

Жасақталған комиссия құрамы жұмыс мақсаттарына сәйкес әр айдың соңында мектеп асханасына мониторинг жүргізіп отырды. Мониторинг барысында мектеп асханасында санитарлық талаптардың сақталуы, асхананың жабдықталуы, ауыз су режимінің ұйымдастырылуы, асхана аспаптарының жай-күйі, қоймалардың санитарлық жағдайы, тыйым салынған тағамдардың сатылмауы, асхана қызметкерлерінің денсаулығы, сыртқы келбеті және олардың қалыпты жұмыс жасауына жағдайдың жасалуы тексеріліп, тиісінше тексеріс қорытындылары комиссияның отырыстарында қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Білім алушыларды мектеп асханасында тамақтандыру жұмысы бойынша барлық атқарылған іс-шаралар жиынтығы үздіксіз мектептің интернет ресурсының «Мектептік тамақтандыру» айдарында салынып отыр.

Мектеп асханасы қажетті құралдармен толық жабдықталған. Арнайы стендтерде білім алушыларды тамақпен қамту жұмысына байланысты кезекшілік кестелері, білім алушылардың тамақтану уақыты туралы материалдар ілінген. Қосымша тиімді және дұрыс тамақтану, ас мәзірі бұрыштары жасалған.

         Мектеп білім алушыларының олардың ата–аналарынан мектеп асханасындағы тамақтың сапасын анықтау мақсатында сауалнамалар алынды. Сауалнамаға 1-4 сыныптар арасынан жалпы саны 237 ата-анадан сауалнама алынды.

«Тағамға ата-аналардың көзқарасы» сауалнамасы

1

Мектеп тағамын ұйымдастыру жүйесі Сізді қанағаттандырады ма?

иә

жоқ

2

Сіз мектеп ыстық тағамының ұйымдастырылуын ұтымды санайсыз ба?

иә

жоқ

3

Балаңызға мектеп асханасында тамақтану ұнайды ма?

иә

жоқ

4

Әрдайым асханада мектеп ас мәзірімен танысу мүмкіндігіңіз болады ма?

иә

жоқ

5

Мектеп асханасының жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарыңыз

 

 

 

Сауалнама нәтижесінде төрт сұрақ бойынша 87,2% - “иә” деген жауапты таңдады. Мектеп асханасының жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарыңыз деген сұраққа “ешқандай, бәрі  жақсы, жоқ, қанағаттанарлық, барі ұнайды,  ұсынысым жоқ” деген жауаптар келді. Мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша мектеп асханасындағы тағам өнімдерінің сапасын анықтау мақсатында алынған сауалнама қорытындысы бойынша  мектеп асханасының тамақ сапасы қанағаттанарлық деп бағаланды.     

Дайындаған: әлеуметтік педагог